«Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажет. Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, партия жұмысын ұйымдастыруды әлемдік тенденцияларға сәйкес қайта қарастыру қажет. Саяси ұйым қашан да әлеумет талабына сай болуы қажет.
«Нұр Отан» партиясы - Қазақстанның басты саяси күші. Құрылғанына биыл - 18 жыл. Осы уақыт аралығында партияның жұмысы жүйеленді. Саяси ұйымның Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі де зор. Халықпен бірге түрлі қиындық пен сынақты еңсеріп, ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдады. Бүгінде аймақтарда партияның 1 миллионнан астам мүшесі бар. Соңғы 10 айдың өзінде «Нұр Отан» 85 мың шара ұйымдастырған. Күн тәртібіндегі мәселелердің 96 пайызы шешімін тапқан.
Бақытжан ОМАР