Электр энергиясы бағасының өсуін немен түсіндіреміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергиясы бағасының өсуін немен түсіндіреміз?

22.10.2017

Бензиннің қымбатшылығын тапшылығынан көрдік, барлығын нарыққа сілтей салдық.  Ол түсінікті делік. Ал, электр энергиясы бағасының өсуін немен түсіндіреміз? Қазақстанда жыл сайын 3 мыңнан астам мегаватт электр қуаты артық қалады екен,  яғни қолданылмайды. Соған қарамастан, электр энергиясының бағасы өсті. Дәлірек айтқанда, 1-ші қыркүйектен бастап дифференциацияланған тариф алынып тасталды. Енді тұтынушылар күннің мезгіліне қарамастан, электр қуаты үшін сағатына 1 киловатқа 13 теңгеден төлеуі тиіс.

Ал, кәсіпкерлер болса, шығынға батып жатыр, әсіресе наубайханашылардың жоғарыдағыларға қолы жетпей, төмендегілерге сөзі өтпей жүр. Түнгі тарифтің кімге кедергі келтіргені белгісіз, бірақ Үкімет Парламент арқылы заңға өзгерістер енгізіп, бағаларды тездетіп теңестіріп те үлгеріпті. Мұның тиімсіздігін айтып, айыптап жатқандар да, себебін айтып ақталып жатқандар да жетерлік.

Энергетика министрлігі сан қилы қисын, бітпейтін болжам келтірсе, бағаға тікелей қадағалау жүргізетін антимонополиялық орган өкілдері бізбен тілдесуге уақыт таппады, түрлі сылтау айтып, ақыры жауап бермеді. Жыл басынан бері электр энергиясы саласындағы шенділер тариф өспейді, қымбатшылық болмайды деп бірнеше рет уәде бергендері бар. Ал енді сол екі ортада не болды. Мәселені тілшіміз Индира Бегайдар зерделеп көрді.

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу