Осы аптада Үкімет отырысында еліміздегі жанар-жағар май мен көмір тапшылығы және соған қатысты осы өнімдерге бағаның өсуі сөз болды. Осы орайда бір парадокс байқалады. Бағаның қымбаттауына халық та наразы, Үкімет те қарсы. Барынша күресіп әлек. Ал, нәтиже жоқ. Неліктен?
Энергетика министрі елде тапшылық жоқ деп бой бермей келеді. Онда еліміздің ірі қалаларындағы бензин бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектер қайдан пайда болды деген сұрақтар туады.
Ал, әкім қаралар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы делдалдарды кінәлайды. Қарағандының әкімі тіпті халықты кінәлауға көшті, отынды көп тұтынады деп.
Шынын айтқанда, қисынсыз әңгіме. Премьер-министр Сағынтаев бұл жөн-жосықсыз әңгімені бірден тыйып тастады, әрине. Ар жағы не болғанын тілшілеріміз айтып берсін.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ