Қазақ-қырғыз шекарасын жалғайтын «Қордай» бекетіндегі жағдай қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасын жалғайтын «Қордай» бекетіндегі жағдай қалай?

15.10.2017

Ал өз ішімізде апта бойына түрлі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақ-қырғыз шекарасын жалғайтын «Қордай» бекетінде жағдай ушығып тұр деген ақпарат желдей есіп жүрді. Осы қаншалықты шындыққа жанасады? Кім тексеріп, кім біліп жатыр?

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәлімдеуінше, шекарада ешқандай шиеленіс жоқ, жағдай тұрақты, жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Ал кеден бекетінде қоршауларды бұзып жатқан адамдардың бейнесі осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген екен.

Министрліктің хабарлауынша, интернетте таралып кеткен видео қазіргі жағдайға сай келмейді. Бірақ, шекара күзеті күшейтілгені рас. Мұндай күшейтулер бұрындары да, айталық 2010 жылы да көрші елдегі сайлау науқаны кезінде енгізілген болатын.

Бұл бар болғаны қауіпсіздік шаралары. Өйткені, бауырлас Қырғыз еліндегі соңғы жылдардағы үш сайлау кезінде де тәртіп бұзушылық әрекеттер мен заңсыз ереуілдер болған еді. Сақтықта қорлық жоқ .

Хабарламаларға жазылу