«Қордай» шекара бекетінде жағдай қалыпты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қордай» шекара бекетінде жағдай қалыпты

23.10.2017

Қазір қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» шекаралық бақылау аймағында жағдай бір қалыпты. Барыс-келісте ешқандай көлік кептелісімен кедендік кедергілер жоқ.

Бұл жердегі жағдай бір қалыпты. Демалыс күндері көлік нөпірі де, адам нөпірі де сәл саябырсыған. Екі күннің ішінде бұл жерден он төрт мыңға жуық адам өткен. Жалпы, екі елдің де азаматтары шекарадан ары-бері емін-еркін өтіп жатыр. Ешқандай тосқауыл, аялдау жоқ. Шекарашылардың айтуынша, шекарадан өту ережесін ескермегендер де болған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ерболат Тоқтасынұлы, «Қордай» шекара бақылау бекеті бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда «Қордай» шекара бөлімшесі бойынша жағдай қалыпты тұрғыда. Ешқандай да кептелістер мен кезектер жоқ. Соңғы екі күнде яғни сенбі, жексенбі күндері көші-қон заңнамасын бұзған жиырма азамат яғни, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан тағы басқа елдер азаматтары әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылды. Жоспарлық-шекаралық операция әскери бөлім аумағында әлі де жалғасуда.

Жалпы қазір «Қордай» бекетінде он бес кабинет үзіліссіз күні-түні жұмыс істеп тұр. Ешқандай тосқауыл жоқ. Жеке тұлғалар мен көліктер заңға сәйкес кәдімгі бекітілген ережеге сәйкес тексерулерін өткізіп жатыр.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу