Электронды білезіктің тиімділігі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды білезіктің тиімділігі неде?

01.10.2017

Министр Қалмұханбет Қасымов еліміздегі түрмелердің пайдасынан шығыны көп,- дейді. Орманға қарап ұлитын қасқырдың бөлтірігіндей көбі түрмеден шыққан соң бұрынғы әдетіне қайта басып «құтты» орнына қайта оралады. Ал, қылмыскерге орта есеппен мемлекет жылына 1 миллион теңге жұмсайды екен, есептей беріңіз. Қазір абақтыларда 36 мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр. Электронды білезікті 1950 жылдары Гарвард университетінің ғалымдары ойлап тапқан, ал америкалық судья Джек Лав оны 1983 жылы пайдалана бастады. Қазір әлемнің 60 елінде қолданылады.

Статистикаға сәйкес, әлемде бір күнде 100 мың адам электронды білезік тағады екен. Ресейде 2009 жылы енгізілді. Бастысы бұл білезіктер шетелден емес, өзімізде, Алматы облысындағы зауытта жасалады екен. Министрлік біреуін жылына 34 мың теңгеге жалға алмақ.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу