Астанада ертеңнен бастап жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінің 4-ші кезеңі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ертеңнен бастап жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінің 4-ші кезеңі енгізіледі

28.07.2017

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Алғашқы 3 кезеңде аталған жүйе тек қала ішіндегі автобустарға қатысты болған. Енді қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын тұрғындарға жол ақысын электронды түрде төлеуге болады. Ол үшін 400 теңге тұратын электронды карта сатып алуы тиіс. Жаңа жүйенің тиімділігі - әрбір 11-ші жол жүру тегін түспек.

Сондай-ақ, қала маңынан орталыққа дейін жетіп, 60 минут ішінде өзге экспресс автобуспен қалаған жеріңізге ақысыз жете аласыз. Жиында қаладағы автобустардың жүру жиілігі артқаны айтылды.  

Хабарламаларға жазылу