Қарттар электронды үкімет порталын қолдану туралы мағлұмат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар электронды үкімет порталын қолдану туралы мағлұмат алды

03.10.2014
Қарттар электронды үкімет порталын қолдану туралы мағлұмат алды

Қызылордалық қарттар электронды үкімет порталының қыр-сырын меңгерді. Енді олар қажетті анықтама немесе мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып әуре болмайды.

«Сыр мейірімі» қоғамдық қорының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік жоба, алдымен қариялардың компьютерлік сауаттылығын арттыруды көздейді.

Жоба аясында қарттарға арналған семинар өтті. Онда 30-ға жуық ардагер электронды үкімет порталының  тиімділігі мен қолдану әдісі туралы мағлұмат алды. 

Хабарламаларға жазылу