Қыста ошағын жылыта алмай, жазда жадырап тамағын іше алмай жүргендер үшін доллардың көтеріліп, ұлттық валютаның құнсызданғаны жығылғанға жұдырық болады. Доллардың бағасы құлап, теңгенің құны арта бастаса да баға өсуін тоқтатқан емес. Қымбаттағанда мойнымызға шыққан доллар, арзандағанда қойнымызға кіріп алған сияқты. Бір жылда инфляция республика бойынша 7 пайызды көрсетті дейді ресми дерек. Ал, бағалардың өсуі одан әлдеқайда жоғары.
Мұндай диссонансты Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлердің бағаны негізсіз өсіруімен түсіндіреді. Депутаттарға сенсек, сауда-саттықта жүргендердің өз заңдары бар. Әр бағытты белгілі біреу қадағалап, қалауынша реттеп отырады. Азық-түліктің қымбаттығы да шаруа мен сатушы арасындағы делдалдардың кесірі. Түйіні көп түйткілден шығу жолы қандай? Тілшіміз зерттеп көрді.
Индира БЕГАЙДАР