Президент Астана күні қарсаңында аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Астана күні қарсаңында аралады

09.07.2017

«Бәйтерек» монументі осыдан 6 ай бұрын күрделі жөндеуге жабылған. Қайта жөндеуден кейін монументтің іші көркем безендіріліп, әдемілене түскен. Еденге мәрмәр төселіп, күмбез бен бағаналарға жылу сақтап, оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаңа шынылар қойылған. Холлға үлкен LED-экран орнатылыпты. Астана тұрғындары мен қонақтарына арналып көркем өнер галлереясы да ашылды. Мемлекет басшысы жаңарған монуметтің әр бөлмесін асықпай аралап көрді.

Астана күн санап көркейіп келеді. Көшелері кеңейіп, халық серуендейтін орындардың саны артты. Солардың бірі - «Нұржол» бульвары. Мемлекет басшысы гүлмен көмкерілген басты бульварға соқпай кетпеді. Ашық аспан астында өтіп жатқан «Astana Art Fest» мәдени фестивалінің экспозицияларымен танысты. Бұл шараға 10-ға жуық елден келген 60-тан астам автордың туындысы қойылған. Нұрсұлтан Назарбаев солардың көбін аралап шықты.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу