Астанада 14-ші Еуразия медиа форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 14-ші Еуразия медиа форумы өтті

25.06.2017

Осымен 14-ші рет ұйымдастырылған Еуразия медиа форумына халықаралық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қоса, белгілі cаясаткерлер мен сарапшылар келді. Жаңа әлемдік тәртіптің жай-ахуалы мен Сирия дағдарысы, сонымен қатар,  жаһандық экономиканың жаңа бағдары әңгіме болды форумда. Шара «ЭКСПО-2017» аясында ұйымдастырылып жатқандықтан «Болашақтың энергиясы» және «Сандық технологиялар революциясы» тақырыптары да терең талқыланды.

15 жылдың ішінде Еуразия медиа форумы аймақтағы ықпалды ашық сұхбат алаңына айналды. Әлемді алаңдатқан мәселелер, толғағы жеткен түйткілдер саясаткерлер, сарапшалар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында иі қанғанша талқыланып, ұсыныс-пікірлер білдіріліп келеді. Форумның ашылуына арнайы құттықтау хат жолдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сәт санап өзгерген замандағы ақпарат құралдарының орнын да айқындап берген.  

  

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу