Жол мұраты жету. Қазақ сахарасында тарам-тарам жолдар өте көп. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау тұсында мемлекетке осы жолдарды сақтап қалу міндеті жүктелді. Себебі, ол кездері жол салу мүлдем мүмкін болмады. Тек шұрық-тесік жолдарды жамап-жасқап, жөндеу ғана жүргізілді. Ал, стратегиялық маңызға ие бұл саланы жаңғыртудың екінші кезеңі 2000 жылдан бастап қолға алынды. Сөйтіп, осы күнге дейін жалпы пайдаланылып келген жолдардың мыңдаған шақырымы қайтадан салынды.
Мәселен, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 920 шақырым автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның 767 шақырымы пайдалануға берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін 75 мың адам жұмылдырылды.
Биыл бөлінген қаржы есебінен 7 өтпелі жобалардың жұмысы жалғасып, жыл соңында соның 602 шақырымындағы жұмыстар аяқталады деп жоспарланып отыр. Дегенмен, жол салу, жөндеу күрделі жұмыс. Сондықтан, кей бағыттар кейінге қалып жатыр.
Азамат НҰҒЫМАНОВ