Ақмола лагерінде 62 ұлттан 20 мыңға жуық адам отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола лагерінде 62 ұлттан 20 мыңға жуық адам отырған

28.05.2017

1938 жылы қаңтар айында жендеттердің «күйеулеріңмен кездесесіңдер» деген жалған сөзіне сенген 50 әйел сәнді көйлектерін киіп, әшекейлерін тағып, үйлерінен үмітпен шығады. Алайда, сол кездегі «халық жауы» деген атқа ие болғандардың  жарларын сталиндік жүйе бірден қамауға алып, вагондарға тиеп, АЛЖИР-дің тұтқындарына айналдырған. Олардың басым бөлігі интеллигенция өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.

«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде 62 ұлттан 20 мыңға жуық адам отырды. Олардың біразы ақылынан алжасып, енді біразы азаптан ажал құшты. Тұрар Рысқұловтың жары - мал дәрігері болған Әзиза Рысқұлова, Бейімбет Майлиннің жары - тергеу барысында орысша білмегені үшін әбден соққы жеген Гүлжамал Майлина, жалпы саны 90-ға жуық қазақ әйелі азап кешкен. Сол жылдардағы естелік суреттер мен жәдігерлер әлі күнге дейін осы мұражайда сақталған.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу