«АҚШ – Ислам әлемі» саммитінде 50 елдің басшысы терроризм мен экстремизмге қарсы күресті талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АҚШ – Ислам әлемі» саммитінде 50 елдің басшысы терроризм мен экстремизмге қарсы күресті талқылады

28.05.2017

«АҚШ – Ислам әлемі» саммиті – күллі жаһан көз тіккен жиын. Саммиттің күн тәртібі өзекті. 50-ден аса елдің  басшысы терроризм мен экстремизмге қарсы күресті талқылады. Сауд Арабиясының королі, қос киенің сақшысы Салман бен Әбдел Әзиз әл Сауд мемлекет басшыларын саммит өтетін зәулім сарайда өзі қарсы алды. Нұрсұлтан Назарбаев та жиынға қатысатын мәртебелі меймандардың қатарында. Қазақ елі басшысының бұл басқосуға келуі де негізсіз емес. Өйткені, Қазақстан әлемде бейбітшіліктің орнауына өз үлесін қосып келеді.

Эр-Риядтағы саммиттің  басты қонағы – АҚШ президенті. Бұған дейін Ақ үй тізгінін ұстаған басшылардың ешқайсысы алғашқы шетел сапарын Таяу Шығыстан бастамаған. Сондықтан сарапшылар бұл жиынды жақсылыққа балап,  Америка мен Араб елдерінің қатынасы жандана түседі деп отыр. Саммитте Дональд Трамп Ислам әлеміне үндеу жолдады.

Терроризм мен экстремизм – барша адамзат үшін өзекті мәселе. Күллі әлемге төніп тұрған бұл қауіптің тамырына балта шаппай тыныштық орнамайды. Жиынға қатысқандар бұл бағытта күресті бірігіп жүргізуге уағдаласты. 

Айнұр Омар 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу