Автотұрақтар мәселесі қашан шешіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автотұрақтар мәселесі қашан шешіледі?

02.04.2017

Көлік көп. Тұрақ жоқ. Соның салдарынан көше бойында қаңтарылған көліктер үлкен шаһарлардағы қозғалысқа кедергі келтіріп, кептеліс жасайды. Оны әсіресе Алматы мен Астананың тұрғындары жақсы біледі.

Алматыда таңғы уақытта бір жерге барайын десең, көлігіңді қоятын орын таппай қиналасың. Өйткені, 2 миллионнан астам тұрғыны бар қалада 560 мыңнан астам көлік ресми түрде тіркелген екен. Ал, тіркелмегендері қаншама?! Облыстан, жақын аудандардан келетіндерде мүлдем есеп жоқ. Сондықтан, кептеліс көбінесе көлікті дұрыс қоймағандықтан туындап жатады.

Енді аз уақыттан кейін мұндай көрініс еліміздің басқа қалаларында да белең алады. Шымкент, Қарағанды қалаларындағы жағдай дәл осындай болмаса да, жетеғабыл. Ақылы тұрақтар мегаполистердегі кептеліс мәслесін түбегейлі шешпес, әрине. Дегенмен, ретсіз, қалай болса солай қалдырып кетіп жатқан көліктердің бұл мәселені одан сайын ушықтырып жатқаны да рас. Олай болса, автотұрақ жүйесін реттеудің қажеттігі туындағаны анық көріне бастады.

Мирас МҰҚАШ

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу