Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығу процесін ресми түрде бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығу процесін ресми түрде бастады

02.04.2017

Аптаның басты халықаралық жаңалығы -  Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығу процесін ресми түрде бастады. Бейсенбіде белгілі болғандай, Еуропа Одағы Одақтан шыққаны үшін Британиядан 50 миллиард еуро талап етіп отыр. Екі жақтың ынтымағы қашан басталды, олардың арасына неліктен жік түсті, Черчилльдің арманы неге орындалмады, «Брексит» әлемнің қай елін қуантуы мүмкін, ал, одақтың өзі қандай қауіпке тап болды? 

Ұлыбритания Еуропа Одағына 1973 жылы қосылды. Бірақ, ол аймақтық ұйымнан қиын шақта кетіп жатқан жоқ. Себебі, 60 жыл бұрын алты елдің ғана басын қосқан Еуропа одағы  мемлекеттерінің саны XXI ғасырда 28-ге  жетті. Халқының саны жарты миллиардтан асса, экономикасы триллиондаған доллармен есептеліп, еларалық шекаралары жойылды.

Бірақ, кейінгі кездері Еуропада нәсілшілдік қайта бой көрсете бастады. Ұлтшылдар мен популистік партиялар бүкіл континетте шерулетіп, одаққа қарсы ұрандарды жиі көтеретін болды.

Бенедетто Заккария, Еуропалық интеграцияны зерттеуші-ғалым:

Меніңше,  популизмнің көтерілуіне экономикалық дағдарыс пен сол проблеманы шеше алмай отырған үкіметтердің дәрменсіздігі себепші. Сондықтан, біз өндіріске, дамуға көбірек инвестиция салуымыз керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу