Апта бойы дерлік тұтас ел болып Наурыз мерекесін атап өттік. Жалпы, Наурыз – ықылым заманан бері адамзатпен бірге жасап келе жатқан мейрам. Әсіресе, Қарт теңіз бен Қара теңіздің жағалауында, Балқан түбегi мен Кавказда, Орталық және Оңтүстiк Азия мен Таяу Шығыста орналасқан елдер үшiн Наурыздың жөні бөлек.
2010-жылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Наурызды Халықаралық мереке етіп бекiткеннен кейін, Күн мен Түннiң теңелген күнi әлемде кеңiнен аталып өтетін болды. Ал, ЮНЕСКО болса, бұл мейрамды өзінің мәдени мұраларының санатына енгізді.
Наурыз – жаңа күн деген мағынаны бiлдiредi. Бұл мереке адамзат пен табиғаттың арасындағы үндестiктi, сыйластық пен түсiнiстiк негiзiндегi барлық болмысты келiсiм мен кешірімге шақырады. Ұлыс күніндегі ұлан асыр тойдың бір парасы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Түркістанда өтті.
Эльмира ТҰРЛЫБЕК