Ұлыстың ұлы күні Өзбекстанның Президенті Шавхат Мирзиеев Астанаға мемлекеттік сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күні Өзбекстанның Президенті Шавхат Мирзиеев Астанаға мемлекеттік сапармен келді

26.03.2017

Қазақ пен өзбек туыс халық. Тамыры тереңге тартатын тарихты тарқатсаң, екі ұлтқа ортақ құндылық көп. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Біз бүгін тек қазіргі халықаралық қоғамдастықтағы екі елдің мүддесіне ортақ жәйттерді түгендеп көрсек.

Алдымен, Өзбекстан қазақтың Орталық Азиядағы негізгі саяси стратегиялық серіктесі. Шекара ортақ. Өзен-сулар ортақ. Арал теңізінің тағдыры ортақ бізге. Екі елдегі диаспоралардың жағдайы да  бар. Мәдениет пен әдебиет те ортақ. Тіпті Шанхай ынтымақтастығы, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы, ТМД, ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұжымдардағы мүдделеріміз де бір арнаға тоғысады.

Қысқасы, екі елдің мақсат-міндеті бір, арман-тілегі үндес. Соның жарқын көрінісі болар, екі ұлтқа ортақ мейрам – Ұлыстың Ұлы күні Өзбекстанның жаңа Президенті Шавхат Мирзиеев Астанаға арнайы мемлекеттік сапармен келді.

Екі елдің басшылары Ақордада асықпай отырып кеңес құрды. Түрлі салалардағы әріптестікті нығайтатын келіссөздер жүргізді. Мемлекетаралық және ведомствааралық 13 құжатқа қол қойып, бизнестегі ынтымақты нығайтатын 75 келісімді бекітті. Олардың жалпы құны 1 миллиард  долларға жуықтайды. Ақордада өткен кездесу кезінде тағы қандай мәселе көтерілді?

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу