Осы аптада болған ауыс-түйістер туралы сараптама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада болған ауыс-түйістер туралы сараптама

19.03.2017

Әркім әрқалай түсінетін әкімшілік реформаның әлқиссасы әлдеқашан іске аса бастады. Елде электронды Үкімет құрылды. Қазір нәтижеге бағытталған бюджет қабылданады. Әкімшілік жүйені реформалау шаралары мұнымен шектелмек емес. Әлі де жалғасады.

Мәселен, жақында ғана жаңа редакцияда жазылған Ата заңның талаптары алдымен атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің арқасына жауапкершіліктің зіл-батпан жүгін артады. Оның орындалуы қалай болатынын сіз бен бізге уақыттың өзі көрсетеді.

Ал, әкімшілік реформа туралы әудем жерден әңгіме қозғауымызға осы аптадағы әкімдердің ауыс-түйісі себеп болды. Төрт бірдей облыстың әкімі ауысты. Олар кімдер? Билікте жүріп бұқара үшін не тындырды, нендей жұмыстарды істей алмады?  Бұл сұрақтарға Айбек Қобдабай жауап іздеп көрді.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу