Соңғы 2 жылда Мемлекеттік кірістер комитеті 17 мың бизнесменді жауапкершілікке тартқан
Мемлекет қанша жерден жәрдем бергенімен, шағын және орта бизнестің өкпесі қысылып, тынысы тарылып тұр. Өйткені, қаптаған қағаздан, жүйке тоздырар жүйеден, тіміскілеген тексерістерден әбден діңкелері құрыған. Тоймаған масадай ызыңдаған тексеруші органдар кәсібін енді бастаған кәсіпкердің есігін қағып, есін алады.
Салық пен санитарлық қызметтен бастап, өрт қауіпсіздігін тексеретіндерге дейін «ана қағазың қайда, мына қағазың қайда, рұқсат құжатың бар ма» деп кәсіпкерлерді жан- жақтан жұлмалап, ит сүйреткен тулақтай қылады.
Мысалы, «Атамекен» палатасының мәліметінше, біздің елде кәсіп ашқысы келетіндерге 2 мыңнан астам талап қойылады екен. «Қағазбастылық жойылды, жүйенің дені электронды форматқа көшірілді» деген аты болмаса, бақылаушы органдар қара құрттай қаптамаса, азаяр емес. Бұған Мемлекет басшысы өткен аптада Үкімет жиынында әдейі тоқталған еді.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің үстінен қозғалатын қылмыстық істердің де көбейгеніне қынжылды. Соңғы 2 жылда Мемлекеттік кірістер комитеті 17 мың бизнесменді жауапкершілікке тартқан. Арасында қосақ арасында кетіп, тектен текке күйгендер де бар.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалыққа талап күшейді
06.08.2026, 17:26
Жас суретшілер Абай шығармаларын бейнеледі
06.08.2026, 17:26
«Sarap» сарапшылар клубының аймақтық отырысы өтті
06.08.2026, 17:23
БҚО-да жас стартапер қағаз басып шығарудың тың әдісін тапты
06.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 17:18
Ұлыбританияда кейуана ұшақтың қанатына шығып, рекорд жаңартты
06.08.2026, 17:17
Зымыран бөлшегі айға құлады
06.08.2026, 17:17
Грузияда жаппай электр жарығы өшті
06.08.2026, 17:16