Осы аптадағы тағы бір саяси оқиға – Мемлекет басшысы дүйсенбі күні халыққа дәстүрлі жолдау жасайтынын мәлімдеді. Отандық телеарналардан жасаған мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Тәуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басқанын, Қазақстанның қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауын бұл жолы жазбаша жасайтынын жеткізді. Себебі, заңға сәйкес, Президент Жолдауды ауызша немесе жазбаша жолдай алады. Мұны үйде отырып, саясатты сары қымызша сапыратындар әртүрлі жорыды. Сан түрлі болжам айтты. Жауырын аштырды. Себебі, содан 5 күн бұрын ғана Елбасы халыққа үндеу жолдаған еді. Ендігі мәлімдеме не туралы? Назарбаев не айтуы мүмкін? Осы сауалдар көпті сарсаңға салғаны рас. Сонымен, Жолдау - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Құжат 5 басымдықтан тұрады.
Жолдауда Үкімет пен әкімдерге 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40 процентке ұлғайту тапсырмасы жүктелді. Бүгінде экспорт түгілі, ішкі нарықтың өзін әрең қамтып отырған тауар өндірушілер бар. Мысалы, бір ғана сүт өнімін алайық. Кез келген сүт қорабының сыртынан «құрғақ сүт қоспасынан дайындалған» деген жазуды көреміз. Тіпті, «бұл қоспа Қытайдан әкелінеді» дегенді де жиі естиміз. Сөреде Ресей мен Беларусь, Қырғызстаннан келген сүт өнімдері көп. Сонда шетке шығармай-ақ, өзіміз қашан таза сүт ішеміз? Жолдауда ұстағанның қолында, тістегенннің аузында кететін субсидиялау қағидасын қайта қарау керек делінген. Бұл ірі шаруашылығы болмаса да, алақандай жерін күтіп-баптап, өнім алып жүрген қарапайым халыққа көп көмек болар еді. Жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту - Жолдаудың тағы бір жаңашылдығы. Ауылдағы ағайынды дәл осы кооператив ісі қызықтырады. «Apta.kz» тілшісі Айнұр Омар сөзден іске көшкен ауылға барып келді.