Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ашынатындай жөні бар. Біздің қазақ «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады», дейді. Осы мақал көзбояушылық жасағанда ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін біздің басшы-қосшыларға айтылған ба деп қаласың. Жалаң сөз, жалтарма жауап. Құр мақтан, құрғақ уәде. Сөз бен іс арасындағы алшақтық.
Бір ғана мысал, игілігін ел көрмеген индустриалды жобалар, аты бар да, заты жоқ зауыттар. Сіз бен біздің көз алдымызда облыс әкімдері әр телекөпір сайын жүздеген зауыт, фабриканы іске қосады. «Бұл - жаһандағы теңдесі жоқ жоба. Осыншама өнім шығарамыз. Мұнша адамды жұмыспен қамтимыз», деп жар салады. Облыс басшылары Елбасының жұмыс сапары кезінде мақтауын сыйғызып, қызыл лентасын қиғызып, өндіріс орнын ашқызып алады. Бірақ, сол алаулатып-жалаулатып ашылған нысандардың барлығы дерлік дәл қазір жұмыс істей ме? Мәселе осында. Зауыт жұмысшыларын қаққан қазықтай қақитып, қолдарына жалау ұстатқызып, «уралатып», шармен безендіріп, гүлмен көмкерген сол зауыттардың кейбірінің қазір қақпасына қара құлып салынған, енді бірі жабылудың алдында тұр. Демек, мемлекеттің қыруар қаржысы желге ұшты деген сөз. Ал, мемлекеттің қаржысы мына сіз бен біздің ай сайын ұсталатын салығымыздан жиналады емес пе? Мұндайда қазақ «тағаңның күмісіне мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан» дейді. Сонда шенеуніктер, бизнесмендер Елбасы мен ел-жұртты қашанғы алдап соғады?
Қысқасы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында кіл сүйекті мәселелер талқыға түсті.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12