Елбасының Иранға сапары барысында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылды

11.04.2016
Елбасының Иранға сапары барысында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізіліп, бірқатар құжаттарға қол қойылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перспективалы жобаларды жүзеге асыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды.

Сапар аясында сотталғандарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының ғылым және техника ұйымының жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрлігі арасындағы индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы сияқты бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, «Жібек жолы» бағыты бойынша Иранмен ұзақмерзімді кеңейтілген ынтымақтастық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республикасының Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум,  «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Иран Ислам Республикасының теміржол компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум,  «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен IRISL» иран кеме компаниясы арасындағы  келісім мен «Жол картасы», «Бәйтерек» ҰБХ» мен Иран ұлттық даму қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу