Қазақстан мен БАӘ жалпы құны 900 млн АҚШ доллары тұратын келісімшарттарға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен БАӘ жалпы құны 900 млн АҚШ доллары тұратын келісімшарттарға қол қойды

20.09.2022

БАӘ Қазақстанмен тауар айналымы бойынша араб елдері арасында көш бастап тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналым 709 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында ел Премьер-Министрінің орынбасары – Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Экология, сауда, мәдениет және білім беру саласында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Іскер топ өкілдерімен де келіссөздер өтті.

Мадияр Меңілбеков, Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және өкілетті елшісі:

Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 900 млн АҚШ доллары болатын келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен қатар екі елдің ынтымақтастығын одан әрі арттыру мақсатында туризм, геология, архив және өзара сауда салаларында бірқатар өзара түсіністік меморандумға қол қойылды.

Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс секілді салада инвестициялық жобалар ұсынылды. Олардың жалпы құны 6,5 млрд доллардан асады. Әлихан Смайылов «МубаДала», «ADQ», «Ayana Holding» компанияларының басшыларымен жүздесті.  

Хабарламаларға жазылу