Астана процесі туралы хабар таратуға 300-ден астам тілші келеді
Ертең жұмыр жердің назары тағы да Астанаға аумақ. Еліміздің ордасында бүкіл әлемді алаңдатып отырған Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталады.
Бүгін Ресей, Түркия мен Иран өкілдерінің кездесуі өтті. Келіссөз ертең сағат 13:00-де басталып, арғы күні дәл осы уақытта аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Астанаға Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы уәкілі мен Сирия оппозициясының өкілдері келіп үлгерді. Келіссөз барысынан хабар таратуға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия, Еуропалық Одақ елдерінен барлығы 300-ден астам тілші келеді.
Астанада өтетін келіссөзге әлемдік ауқымда көңіл бөлінуінің себебі де түсінікті. Сирия мәселесі – бүгінгі күнгі тарқатылуы қиын түйін болып тұр. Күрмеуді шешуге осы шиеленіске қатысы бар тараптардың өздері мүдделі қазір. Бір айта кетерлігі, келіссөздерді Астанада өткізу туралы бастаманы Қазақстан емес, Ресей мен Түркия көтергені мәлім. Астана тек мәміле алаңын ғана ұсынып отыр. Бейтарап саясат ұстанады. Ал, осы жиынның Астанада өтуі - келіссөзге қатысушы тараптардың елімізге деген үлкен сенімін көрсетеді. Оның үстіне, бұл келіссөздер Астананың беделді халықаралық келіссөз алаңы тұрғысындағы мәртебесін нықтай түседі.
Қалай болғанда да, дауласушы тараптардың татуласуына мүмкіндік жасау – сауапты іс. Бұл күндері жер бетінде жұмақ орнатуды армандамаса да, текетірескен елдерді тезге салуды тілеген адамзаттың аңсары орындалатын күн жақын ба?
Ғабит БӨКЕНБАЙ

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12