Жұбан Молдағалиев. «Мен қазақпын!» (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұбан Молдағалиев. «Мен қазақпын!» (БЕЙНЕБАЯН)

18.12.2016
«Тәуелсіздік – тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтың мамыражай ғұмыр кешуіне берілген кепілдік те емес. Сондықтан, аңғал болмағанымыз абзал. Өйткені, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, тәуелсіздікті мәңгі ұстап қалу одан әлдеқайда қиын. Бұл - Жер бетінде өмір сүрген талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа жөнсіз тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген». Бұл – Мемлекет басшысының сөзі.

Иә, бір-бірімізді балақтан тартып, құрдымға кетпес үшін, алауыздыққа жол беріп, аңырап қалмас үшін, ел ішіне іріткі салмай, ұлттық бірлікте өмір кешу үшін бізге, біздің жастарға, біздің ұрпаққа патриот болмақ расында керек-ақ деген ниетпен бағдарлама соңын Жұбан ақын Молдағалиевтың «Мен қазақпын!» деген жырымен бейнебаянмен аяқтауды жөн санадық.

Халила АМАНҚҰЛ

Хабарламаларға жазылу