Әнуар Әлімжанов Қазақстан Жазушылар одағын 8 жыл басқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнуар Әлімжанов Қазақстан Жазушылар одағын 8 жыл басқарды

03.11.2014
Әнуар Әлімжанов Қазақстан Жазушылар одағын 8 жыл басқарды

«Ұстаздың оралуы», «Отырардың күйреуі», «Махамбеттің жебесі» атты кітаптарымен оқырманға жақсы таныс, Әнуар Әлімжанов 1971 жылы Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды. Иә, сол жылдары «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Мәдениет» және «Тұрмыс» журналдарының тиражы дәуірлеп тұрған кезең еді.

«Жазушы» баспасынан шыққан кітаптар ауыл-ауылды аралап, талайдың рухани азығына айналды. Әнуар Әлімжанов одақты 1979 жылға дейін 8 жыл басқарды.

Әнуар Әлімжановтың орнына «Мен – қазақпын» атты поэмасымен оқырман қауымды елең еткізген Жұбан ақын келді. Майдангер қаламгер «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» және «Жұлдыз» журналында қызмет атқарды. Жұбан Молдағалиев 1983 жылға дейін бірінші хатшы қызметін абыроймен атқарды.

Одан кейін одақ төрағалығына Олжас Сүлейменов келді. Қоғам қайраткері бұл қызметке дейін Қазақ КСР Кинемотография жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болған еді. Олжас Сүлейменов Жазушылар одағының басшылығында 1991 жылға дейін қызмет етті.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу