Шымкентте өткен жас ақындар айтысының бас жүлдегері — Дәурен Ақсақалов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте өткен жас ақындар айтысының бас жүлдегері — Дәурен Ақсақалов

30.10.2015
Шымкентте өткен жас ақындар айтысының бас жүлдегері — Дәурен Ақсақалов

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен «Көк тудың желбірегені» атты республикалық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды otyrar.kz. Оңтүстік құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасында өткен айтыстың бас жүлдесін, болашағынан мол үміт күттіретін жас ақын Дәурен Ақсақалов жеңіп алды.

Бірінші орында Қызылорда облысының ақыны Мұхтар Ниязов, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы намысын қорғаған Қажымұхан Абзалов иеленді.

Ал, жүлделі үшінші орын қызылордалық Мөлдір Айтбайға бұйырды. Жеңімпаздарға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы дипломы мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Хабарламаларға жазылу