«Көк тудың желбірегені» акциясы қорытындыланды

13.12.2019

 «Көк тудың желбірегені». Осындау атаумен әлеуметтік желіде қолдау тапқан патриоттық акция ел Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында қорытындыланды. Бұл шара аймақтағы «Серпіліс» қоғамдық ұйымының идеясымен осы жылдың шілдесінде бастау алған болатын. Мемлекеттік рәміз арқылы отаншылдық сезімін асқақтатқан акция жұртшылық арасында жоғары рейтингке ие болды. Әсіресе жастар айрықша белсенділік танытып, патриоттық іс-әрекеттері туралы интернет арқылы қатарластарымен көптеп бөліскен. Бұл шараға аймақтағы мұғалімдер, мәдениет және денсаулық сақтау қызметкерлері, журналист қауым да айырықша қолдау білдірді. Сондай-ақ кәсіподақтар бірлестігі акцияны іліп әкетіп, игі бастаманы жалпы қазақстандықтарға жолдады. Акцияның қорытындысына орай Шымкент қаласында «Тәуелсіздікпен диалог» тақырыбында басқосу өтті.

Ғабит ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу