Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері Астанадағы ұлттық пантеонға жерленді.
Өтіп бара жатқан апта бар қазақтың көңіліне өкініші мол өксік қалдырып кетті. Қасиетті жұмада әдебиетіміздің алып бәйтерегі Абыз аға, Әбіш аға Кекілбаев өмірден өтті.
Кемеңгердің ойына бойлап, сөзінің сырын ұққандар «Әбіш Кекілбаевпен тұтас бір дәуір өтті» дегенді айтты. Сол дәуірдің ауыр кезеңін бастан өткерді Әбіш аға. Көңілге медеу болары ұлы суреткердің ұлы шығармалары қалды соңында.
«Шыңыраудай» түпсіз терең, «Үркердей» биік, «Аңыздың ақырындай» ғажайып туындылар Алаштың арманшыл жастарына мәңгілік азық болары анық. Олар әлі Кекілбаев кеңістігіне еніп, рухани мол қазынаға қанығатын болады.
Ол кісі ерек еді, халқына керек еді. Ажалға амал бар ма... Маңғыстау мұңайып, Жетісу жабырқап, Алтай мен Арқа аза тұтты осы күндері. Бүгін Алаш жұрты Әбіш ағаны ақтық сапарға шығарып салды.
Асылында, қазақтың Әбішін, қазақтың абызын қазаққа таныстырудың қажеті жоқ. Бұл қазаның салмағын саралап жату да артық шығар... Зиялы қауым мен үзеңгілес достары, замандастары мен қалың оқырманы ауыр қазаға қабырғасы қайысып, бір-біріне көңіл айтып жүр...
Әбіш Кекілбаев саналы ғұмырын қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне арнады. Әдебиет пен саясатта қатар жүріп, егемен елдің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Елбасының Тәуелсіздік дәуіріндегі сенімді серігі болды.
Ақыл-ойдың алыбы иығына түскен ауыр жүкті еңсесі жығылмай, тізесі бүгілмей қара нарша арқалап өтті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қаралы хабарды естісімен отбасына арнайы барып, көңіл айтқан болатын. Жеделхат та жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
«Біз қиын-қыстау жылдарда ел игілігі үшін қатар жүріп қызмет атқардық. Оның талай-талай орынды ақыл-кеңестерінің куәсі болдым, жанашырлық көмегін сезіндім. Оның есімі мен шығармалары әрдайым туған халқымен бірге жасай береді. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!». ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
«Әбіш - әдебиет есігін именбей ашып, бірден төріне шықты. Оның азаматтық тұлғасы, қайраткерлік келбеті, суреткерлік болмысы, гуманистік табиғаты, адами бітімі бөлек еді». Мырзатай Жолдасбеков осылай деді. Ә.Кекілбаевтың көзі тірісінде оған «Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 363-ші әулие Әбіш Кекілбаев шығар», дегені тағы бар-тын.
Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Әбіш шынында да әулие еді. Мен бұл сөзімнен, ойымнан әлі де қайтқан емеспін. Түп атасынан батырлық, билік, шешендік, көріпкелділік, ақындық, жыраулық, күйшілік ешқашан үзілмеген қасиетті жерден, қалың әулиенің ортасынан шыққан Әбіш ақылман да, әулие болмауы еш мүмкін емес еді.
Мен алғаш көргенде Әбіш 16 жаста-ақ еді. 10-сыныптың оқушысы болатын. Маңғыстаудан келген бұйра шашты, сыйдиған қара бала еді. «Лениншіл жас» газетінің 35 жылдығында топ жарып, дүйім жұртты таң қалдырып сөз сөйлеген.
«Тіл көзіміз тасқа», деп шығып едік сол жолы. Алтын құрсақты аналар аман болса, әлі талай Әбіштер келер дүниеге. Бірақ, олардың ешқайсысы Кекілбаев бола алмайды.
«Әбіш Кекілбаевтың соңында бай мұрасы қалды. Аталы сөзі қалды. Ұлағатты ісі қалды. Оның эпикалық романдары, философияға толы повестері мен әңгімелері заман өткен сайын әр қырынан танылып, талай ұрпаққа мәңгілік рухани азық болары сөзсіз», - десті үзеңгілестері. Тек, әттеген-айы, кенеттен келген ажал абыз ағаның бірқатар шығармаларын аяқтатпай тастады.
Рақымжан Отарбаев, жазушы, драматург:
Қазақ әдебиеті, қазақ руханияты үлкен қазаға ұшырады. Қазіргі әдебиеттің басында тұрған, маңдайында тұрған Әбіш Кекілбаевтай ұлы тұлғадан айырылдық. «Үркер», «Елең алаң» сияқты тарихи романдарының қалған 5 томдық жалғасы жазылмай қалды.
Армандаған қаншама повестері, тарихи пьесалары жазылмай қалды. Әбіш Кекілбаевтың қаламынан туған керемет жауһар туындылары халықпен бірге жасасып, халықпен бірге өмір сүре береді. Осы ғана көңілге медеу.
Сайын Назарбек, қаламгер, суретші:
50 жыл бойы 15 жасымнан 70 жасыма дейін жолдас болып қасында жүрдім. Бүгін қара жамылып отырған Клара Жұмабайқызымен бір мектепте оқып, бір партада отырып едім. Үшеумізге бұл тірліктің қуанышы да, қызығы да ортақ болған. Әбіш - ой еңбегінің адамы болды. Оның сол еңбегі санамыз жетпес биіктікке көтеріп кетті.
«Адам баласы дүниеден аттанғанда бір сұрақ қана бар», - дейді Төлен Әбдік. «Бұл дүниеден кім өтті?», деген. Бұл дүниеден қазақтың ұлы азаматы, ұлттың ғұлама тұлғасы, руханият әлемінің алып кемесі өтті.
Төлен Әбдік, жазушы, драматург, қоғам қайраткері:
Ғажайып жазушы еді. Ғажайып адам еді. Адамгершілігі мол, мейірман, жүрегі жұмсақ, әулие қасиеттері көп болатын. Біз бүгінгі өлімді әлі толық сезініп-зерделеп үлгерген жоқпыз.
Біз қазір тек уайымның үстіндеміз. Ертең бой суынады, өлімді таразылауға тура келеді. Кімді жоғалттық деген ойлар келеді. Сол кезде Әбіштің бүкіл өзінен кейін қалдырған үлкен мол мұрасын зерттеу басталады.
Иә, алып жүрек мәңгіге тоқтады. Қазақстанның Еңбек ері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы суреткер Әбіш аға, абыз аға Астанадағы ұлттық пантеонға жерленді.
Әсима НҰРБАЙ