Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
Астанада тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сондықтан әлі жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оны күйік шалғанын, таныс алу жолдарының зақымданғанын, ағзаның уланғанын айтты. Төтенше жағдай елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде осыдан бір апта бұрын болған еді. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнынан үш баланың денесін алып шықты. Ал анасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз, қылмыстық іс қозғалып, оқиға тергеліп жатыр.
Марат Сабыров, дәрігер-травматолог:
Ауыр күйік жарақаты бар 39 жастағы науқас ем қабылдауда. Жағдайы ауыр болғанымен тұрақты, теріс динамикасы байқалмайды. Науқас есін біледі, тыныс алуы жасанды өкпе желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілген. Оттегімен қанығу көрсеткіштері жақсы деңгейде сақталуда. Жүрек қызметі мен артериалдық қысымы тұрақты.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04