Франция елшіліктеріне ағылған жұрттың қарасы көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция елшіліктеріне ағылған жұрттың қарасы көп

15.11.2015
Франция елшіліктеріне ағылған жұрттың қарасы көп
Кеше-бүгін астаналықтар да Франция елшілігіне барып, гүл шоқтарын қойып, француз халқының қайғысына ортақтасып жатыр.

Париждегі террорлық актіні халықаралық қоғамдастықпен бірге қазақстандықтар да терең күйзеліспен қабылдады. Кешеден бері әлемнің барлық елдеріндегі Франция елшіліктеріне ағылған жұрттың қарасы көп.

Кеше-бүгін астаналықтар да Франция елшілігіне барып, гүл шоқтарын қойып, француз халқының қайғысына ортақтасып жатыр. Сонымен қатар, Алматыдағы Франция консулдығына келіп, қаза болғандарды аза тұтушылар аз емес. Олар өз көңілдерін қағаз бетіне жазып, консулдық іргесіне қалдырып жатыр.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу