Шекаралық аймақтарға блок пост қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекаралық аймақтарға блок пост қойылды

20.03.2020

Қауіпсіздік мақсатында Түркістан облысының шекаралас аумағындағы 2 жерге блок пост қойылды. Оның бірі Қызылорда облысымен шектесетін жердегі «Сауран» бекеті, екіншісі Жамбыл облысымен шекара шебіндегі «Шақпақ» бақылау-тексеру орны. Екі бекет те тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Полиция және медицина қызметкерлерінен жасақталған топ өңірге келе жатқан көліктерді тоқтатып, ішіндегі азаматтарды жеке-жеке тексеруде. Дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшеп, ағзада өзгеріс бар-жоғына назар аударуда. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылған соң, оңтүстікке қарай ағылған жұрттың қарасы қалың. Әзірге ешбір азаматтан қауіпті аурдың белгісі анықталмаған. Егер вирус белгісі бар деген қауіп болса ол адам бірден оқшаулау орынына жіберіледі. Өңірде ондай 505 орынға лайықталған обсервациялық госпиталь жасақталған. Одан бөлек індетке шалдыққанды емдейтін 100 төсек орын дайындалды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу