«Қазақстандықтар – Кеңес одағының батырлары» атты бейне-антология жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандықтар – Кеңес одағының батырлары» атты бейне-антология жарыққа шықты

10.05.2015
«Қазақстандықтар – Кеңес одағының батырлары» атты бейне-антология жарыққа шықты

Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылған тағы бір ізгі істі билік партиясы жүзеге асырды. «Қазақстандықтар - Кеңес одағының батырлары», деген атпен бейне-антология түсіріп, жұртқа жария етті.

Жерлестеріміздің соғыстағы ерлігін баян ететін бейне-антологияның ұзақтығы 8-10 минут. Жобаның бірегейлігі сол барлық қазақстандық қаһармандар тарихы бір циклға топтастырылған.

 Майдандағы ерліктерімен қатар қаһармандардың соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі өмірлері туралы қызықты деректер бар. Сондай-ақ, бейне-антологиядан көрермендер тұңғыш рет соғыс кезіндегі қазақ орындаушыларының музыкалық шығармаларын тыңдай алады.

Қысқаметражды фильм «Қаһарман.кз» сайтына орналастырылған. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан» телерадио корпорациясы бірлесіп, Жеңістің 70 жылдығына арналған Атырауда республикалық ақындар айтысын ұйымдастырды. 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы айтқандай, жастарымызды тәрбиелеп, бүгінде елімізде салтанат құрған бейбітшілік, келісім, тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Сіздердің  үлкен ерліктеріңіздін арқасында біз бүгін бақытты өмірге ие болып, бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да, бүгінгі жас ата-бабаларының ерлігін,  білуі қажет.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу