Қазақстандық Кеңес одағының батырлары туралы сериал түсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Кеңес одағының батырлары туралы сериал түсірілмек

05.05.2014
Қазақстандық Кеңес одағының батырлары туралы сериал түсірілмек
Отан соғысында от кешкен 528 қазақстандық Кеңес одағының батыры туралы сериал түсірілмек. Бұл туралы ҚР «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы президиумының төрағасы, Әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаров мәлімдеді.
 
«Қатары сиреп бара жатқан батырларымыз туралы деректі кино түсіру көптен бері ойымызда жүр. Қазақ КСР-ның ІІ Дүниежүзілік соғысқа қосқан үлесі туралы фильмге әр батырдың өмірі мен еңбегі туралы 3-9 минуттық үзінді қосылады. Біз әр облыстағы мемлекеттік органдар мен архив қызметкерлерін көмектесуге шақырамыз», - деді Рүстем Қайдаров.
 
Қазір 510 Кеңес одағының батыры туралы мәліметтер толық жиналған. ҚР ІІМ аталған жұмысқа жергілікті учаскелік инспекторларды жұмылдырып отыр.
 
«ІІ Дүниежүзілік соғысқа барлығы 72 мемлекет қатысып, 60 миллион  адам ажал құшқан, 110 миллион адам жараланды. Ал, Қазақстаннан қан майданға 1 200 000 адам аттанды. Оның ішінде 600 мың адам майданда қаза болды. Бір ғана Шығыс Қазақстан облысынан 111 Кеңес одағының батыры шыққан», - деп қорытындылады генерал-майор Рүстем Қайдаров. 
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу