Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы Астанада ауқымды форум өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы Астанада ауқымды форум өткізді

29.03.2015
Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы Астанада ауқымды форум өткізді

Ресми дегеніміз жөн шығар, осы аптада сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды. Президентікке үміткер Назарбаевтың қоғамдық штабы Астанада ауқымды форум өткізді.

Елбасын қолдауға арналған шаралар елдің қиыр-қиырын қамтыды. Үгіт-насихат шараларына Н.Назарбаевтың өзі қатыспайтын болды, жұмыс кестесінің қауырттығына байланысты. Бұл міндетті оның қоғамдық штабы мойындарына алған.

Сонымен, осы аптада ресми түрде сайлауалды   үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қазақстан Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабы Астанада Елбасын қолдауға арналған ауқымды форум өткізді.

Еліміздің барлық өңірін қамтыған қолдау шаралары жалғасын тапты. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты, үгіт-насихат шараларына қатыспайды. Сондықтан, бұл  міндетті оның қоғамдық штабы өз мойныны алды.

Бүкіл Қазақ елі жер-жерлерде ұйымдастырылған форумдарға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау шаралары еліміздің  барлық  елді мекендерін қамтыды. Халық ең көп жиналған жиын – Елорада да өтті.

Мұнда президенттікке үміткердің сенімді өкілдері, саяси партиялардың басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары мен студенттер ерекше белсенділік танытты. Олардың барлығы өздерін Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдаушылары санайды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі:

Біз Елбасының басшылығымен  Тәуелсіздік жылдары ғасырларға бергісіз жолдан өттік. Біз әлем таныған қуатты, күшті, абыройлы мемлекет құрдық. Біз Елбасының басшылығымен елімізде ұлтаралық келісім мен татулыққа негізделген тамаша береке-бірлігі жарасқан қоғам орнаттық.

Форумға қатысушылар Қазақстанның егемендік алғаннан бергі жеткен жетістіктерінің бәрі тікелей Елбасының атымен  байланысты екенін бірауыздан айтты.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы:

26 сәуірде бәріміз бір болып жұмылып, бүкіл елге мәңгілік Қазақстан тағы да Нұрсұлтан Әбішұлын сайлауға көзіміз жетеді.

Қарағанды қаласының тұрғындары да -  өздерін Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси  тірегі санайды. Жергілікті жұрт Ұлт көшбасшысының еңбек жолы дәл осы киелі кеншілер қаласынан басталғанына мақтан тұтады.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың да еліміздің индустриалды орталығы саналатын аймаққа деген  ықыласы айрықша. Жалынды жастық шағында  дара мінезімен дараланған Елбасы, қанатын кеңге жайған Қарағандыда көшбасшылық қабілетін қайрай білді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі:

Сіздер Тәуелсіздік жылдары әрқашан Елбасының тірегі ретінде үнемі қолдаудың ең жоғары көрсеткішін көрсетіп  келесіздер. Ендеше алдағы сайлауда да әлем таныған, мойындаған, құрметтеген Елбасымызды жақтап дауыс беретіндеріңізге кәміл сенемін.

Бұл жердегі Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілдерінің басым бөлігі Қарағанды облысының тумалары.

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мен әскери адаммын. Сондықтан, турасын айтамын. Егер біздің Елбасымыз болмаса, дәл бүгінгідей Қазақстан да болмас  еді.

Төрегелді Шарманов, академик:

Бүкіл Қарағанды, Ұлытау, Жезқазған халқы алдағы сайлауда дүние жүзі мойындаған айтулы қайраткер Елбасының кандидатурасын қолдайды деп толық сенемін. 

Бір тәулік ішінде Республикалық қоғамдық штаб мүшелері өңір белсенділері, жастар, кәсіпкерлер мен «Арселор Миталл Темиртау» кеншілері және этномәдени бірлестік өкілдерімен келелі кездесулер өткізді. 

Сергей Чернышев,  «Arcelor Mittal» Күзембаев шахтасының бригадирі:

Мен Елбасының қарапайым қызметкерлерді жұмыссыз қалдырмайтынына толықтай сенемін. Оның сөзі біз үшін заң. Біз Назарбаев үшін дауыс береміз.

Бір айдың көлемінде республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірлеріне ат басын тірейтін болады. Оларда мыңдаған адаммен ондаған кездесу жоспарланған.

Татьяна Джунусова, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Мен татулық пен бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты жақтаймын. Мен  Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беремін.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу