Президент елшілерді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент елшілерді қабылдады

14.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей және Қытай елшілерін қабылдады. Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен әңгімелесу барысында Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін 19-шы Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығы айтылды. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу