Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

28.01.2014
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын  қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Нұртай Әбіқаев Қазақстан Президентіне ведомствоның қазіргі қызметі және алдағы кезеңдегі басымдығы бар міндеттері туралы баяндады.
 
Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.
 
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Хабарламаларға жазылу