Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы
Осы сәрсенбіде Ақорда жақтан Жарлық шығып, бірді-екілі ауыс-түйіс болды. Бұрынғы Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттiң кеңесшiсi болып тағайындалып, Ақордаға қайта барды.
Ал атауы өзгеріп, жеке-дара қалған Мәдениет министрлігінде - жаңа басшы. Ол - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Жаңа министр алғашқы еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы филармонияның мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. Әр жылдары Мәдениет министрлігінде маман, министрдің көмекшісі, вице-министр қызметін атқарған.
Бір кездері Президент оркестрінде де жұмыс істеген. Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі мәдениет секторының меңгерушісі де болған. Кейін ректорлық қызметке ауысты.
Жаңа министрді Үкімет басшысы Серік Ахметов ұжымына таныстырып, қызметіне табыс тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13