«Бізге қымбаты - бірлігіміздің бекем болғаны»
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы барысы, EXPO-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету. Бұл екі мәселе осы аптада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралды.
Қазір уақыт көрсетіп отыр, көп ішінен бір аланың бөлініп шығып, бүлік шығарамын деген тентіктігіне тыйым қатты болса ғана, ел ішінде тыныштық бекем болады. Ал, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін маңайдағы жанталасқан елдердің тірлігіне қарап біліп отырған жайымыз бар.
«Сондықтан, дәл қазір бізге қымбаты - бірлігіміздің бекем болғаны», деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
Соңғы банктерге қатысты оқиға жекелеген арандатушылардың өзі елдегі жағдайға ықпал ете алатынын көрсетті. Ақпараттық технологиялар қазір жаңаша жұмыс істеп жатыр. Оған қарсы тұруға дайын болуымыз керек.
Жиында Президент күш құрылымдарына төрт міндетті жіктеп берді. Біріншісі, елге қауіпсіздік саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибе енгізу. Екіншісі, көрме қонақтарының тыныштығын, жағдайын жан-жақты ескеру.
Үшіншісі, қауіпсіздік саласындағы бірегей стандарттарды елге кіріктіру. Төртінші міндет - қорғанысқа жауапты мекемелердің міндетін айқындап беру. Яғни, қай қызмет те бір-бірін қайталамауы шарт.
Мейіржан ӘЛІБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
27.04.2026, 10:19
Ең ұзын тирамису Гиннестің рекордтар кітабына енді
27.04.2026, 10:17
«Сазген сазы» ансамблі Венада өнер көрсетті
27.04.2026, 10:14
Түрік оқушылары арасында Қазақстан тақырыбында сайыс өтті
27.04.2026, 10:09
Қазақстандық жас инженерлер әлемдік жарыста көш бастады
27.04.2026, 10:08
Израиль Ливанға cоққы берді
27.04.2026, 10:06
Иран-АҚШ келіссөзі өткен жоқ
27.04.2026, 10:04
Кадр даярлау мәселесі қайта қаралып жатыр
27.04.2026, 10:01