«Аpta.kz» студиясында - Самиғолла Оразов
-Сіз бір жылдары Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас Жәнібек ауданында, кейін Орал қаласында әкім болдыңыз. Интеграция тақырыбы сізге бөтен емес. Айтыңызшы, Еуразиялық одақ қазаққа не береді?
-Ол экономикалық кеңістік. Үш мемлекет - Қазақстан, Ресей, және Беларусь бір-біріне кедендік төлемдер төлемейді. Төрт еркіндік береді. Біріншіден, тауардың жүруіне, екіншіден, капиталдың жүруіне, үшіншіден, жұмыс күшіне, төртіншіден, қызмет көрсетуге еркіндік береді.
Осы үш мемлекетті алсақ, бәрі әлеуеті жөнінен Кеңес одағының 84 пайызын құрайды. Халқы 180 миллионнан астам, ал тауар айналымы 1 триллионға жақын. Жалпы ішкі өнімі 2 триллион доллар. Бұл үлкен мүмкіндік.
-Еуразиялық интеграция - жаһандық экономикаға апаратын күре жол. 170 миллиондық нарықта, 20 миллион шаршы шақырым жер аумағын қамтитын алаң біздің кәсіпкерлер үшін қай жағынан тиімді? Әлде тиімсіз бе?
-Әр ел өзінің мүддесін қорғайды. Біздің ел де өз мүддесін ойлайды. Бірақ, қандай келісім болса да, тек бір жақ ұтады, бір жақ ұтылады деген болмайды. Бір жерден ұтады, бірде ұтылады. Кемшіліксіз болмайды. Ал соған қандай әзірлікпен келдік, бұл - үлкен мәселе.
-Президент Жолдауынан кейін сіздер халықпен кездесіп қайттыңыздар. Сіз Батыс Қазақстан облысына бардыңыз. Интеграциялық аумақты қамтитын бұл өңірде процестер қалай жүріп жатыр?
-Батыс Қазақстан облысының ерекшелігі - ол Ресейдің 5 облысымен шекаралас жатыр. Қазір біздің облысқа Ресейден, Беларусьтан ет көбейіп кетті. Ет болғанда өкінішке қарай нашар ет. Арзан.
Арзан болғаны Ресейдің де, Беларусьтың да бізге қарағанда, дотациясы көп. Екіншіден, жем-шөптің құны арзан. Ал енді ең қиын мәселе - сүт мәселесі. Дүкендерге барсақ, кілең Ресей мен Беларусьтың сүті.
-Кемшіліктерді жою үшін не істеу керек?
-Кемшіліктерді жою үшін мына Атырау облысының әкімі Ізмұхамбетовтен тәжірибе алу керек. Ол кісі СПК-ға қаржы берді. Сол СПК үлкен сүт өндіретін кешен салды.
Бір жағынан жаңа технологиямен жұмыс істейді. Екі-үш айдың ішінде нәтижесін береді деп ойлаймын. Жеке бизнес оған бармайды. Өйткені, оның қаржысын қайтаратын уақыты да көп. Қауіпті де.
Өйткені, бір ауру шығып кетуі де мүмкін. Сондықтан, мына Үкімет көмектесуі мүмкін. Әр қаланың қасында сондай үлкен кешен салса, соны тіпті фермерлерге беруге болады. «Міне, 25 жыл пайдалан, осындай шартқа тұрасың, жұмыс орындарын ашасың. 25 жылдан кейін өзіңе қалады» дегендей.
-Сұхбатыңызға рахмет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында жас шахматшылардың турнирі өтті
27.04.2026, 13:20
Астанадағы индустриялық парк аумағына мың көшет екті
27.04.2026, 13:15
Экологиялық акция өткізу туралы меморандумға қол қойылды
27.04.2026, 13:12
Қостанай облысының ауылдарында дәрігер тапшы
27.04.2026, 13:09
Буллингке қарсы жаңа жедел жүйе іске қосылды
27.04.2026, 13:06
Шымкентте құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
27.04.2026, 13:03
Алаяқтардың жаңа айласы анықталды
27.04.2026, 13:00
Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті
27.04.2026, 10:19