Жеңілдетілген кредит арқылы білім алуға мүмкіндік беру – Тұрғындар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген кредит арқылы білім алуға мүмкіндік беру – Тұрғындар пікірі

01.09.2022

Жеңілдетілген кредит арқылы білім алуға мүмкіндік беру – Жолдаудағы тың жаңалықтың бірі. Студенттерді жатақханамен қамту оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдаған ақтөбелік зиялы қауымның пікірі осыған саяды.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Ақтөбеліктер де Жолдауды ерекше ықыласпен тыңдады. Ел байлығын ұтымды пайдалану, әлеуметтік және экономикалық саясат арасында тепе-теңдікті сақтау бойынша бастамалар халық көкейінде жүрген сұрақтарды дөп басқаны даусыз. «Сән-салтанатқа салық» салуды енгізу де елдің әл ауқатын арттыру тұрғысында маңызды дейді көпшілік. Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлінуі – қуантарлық жайт. Әсіресе, жастарға қолдау көп.

Талғат Тілеулес, ақын:

Бүгінгі Жолдауда жүз мың жасқа жұмыспен қамту мәселесін де қозғап өтті. Әрине, елдің болашағы жастардың қолында болғаннан кейін жастарға үлкен қолдау көрсетуі маған жақсы жаңалық болып естілді. Бұл енді орындалады деп есептеймін, лайым солай болғай!

Президент Жолдауын Ақтөбедегі мекемелер де ұжым болып тыңдады. Қаланың әр тұрғыны Жолдауда айтылған барлық мәселе ескерусіз қалмай, жүзеге асарына сеніп отыр. Әсіресе, ең төменгі жалақының 70 мыңға өсуі, ана мен балаға ерекше көңіл бөлінуі ертеңгі күнге деген сенімді арттырды дейді.


Хабарламаларға жазылу