Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады

16.03.2022

Жаңа ғана Президент стратегиялық мақсатқа жетудің 10 бастамасын ұсынды. Оның ауқымы бір жылмен шектелмейді. Қасым Жомарт Тоқаев әуелі парламенттің ықпалын күшейтуді, партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыруды тапсырды. Ол үшін «Аманат» партиясынан өзі де кетеді. Әрі барлық облыс әкімдері мен орынбасарларына да партия филиалдарында қызмет етуге заң жүзінде тыйым салынады. Осылайша партияларға теңдей мүмкіндік берілу керек деп отыр. Сонымен қатар, бұдан былай Президенттің туған-туыстары басшылық қызметте бола алмайды. Сенаттағы Президент квотасы азаяды. Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құрылады. Олар жылына екі рет депутаттар алдында есеп беруге міндетті. Сайлау жүйесі жетілдіріледі. Ұлттық құрылтай құрылады. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалғастырады. Жолдаудағы маңызды жаңалық - елде жаңа 3 облыс пайда болады. Абай, Ұлытау және Жетісу. Алматы облысының орталығы – Қапшағайға көшіріледі. Қалаға жұрт Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беру керек десе бұл ұсынысты Президент қолдаймын деді. Жолдауда айтылған басқа да маңызды міндеттер жайында қорытынды жаңалықта айтамыз.

Хабарламаларға жазылу