Шығыс Қазақстан облысының атауын Алтын Алтай деп өзгерту керек. «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференцияда академик Ғарифолла Есім осындай ұсыныс жасады.
Жиынға қатысушылар алдымен өңірдің киелі жерлеріне арналған көрмені тамашалады. Сонымен қатар,соңғы 3 жылда аймақта жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелерімен танысты.
Олардың ішіндегі сүбелісі - Шілікті жазығынан табылған «Алтын адамның» жаңғыртылған көшірмесі. Ал, пленарлық отырыста отандық және шетелдік ғалымдар түркі әлемінің Алтайдан бастау алған ұлы өркениеті жайында тың деректермен бөлісіп,баяндама жасады.
Ал академик Ғарифолла Есім Шығыс Қазақстан атауын Алтын Алтай деп өзгертуді ұсынды.
Ғарифолла Есім, академик:
Мағжан Жұмабаевты оқып отырған сайын, «Алтын Алтай» сөзін жиі кездестіруге болады. Ол деп осы өңірді «Алтын Алтай» дейді. Біздің бүкіл тарихымыз да, фольклорымызда да, әдебиетіміз де «Алтын Алтай» деп аталады баяғыдан. Соны Мағжан қайта-қайта айтады өлеңінде. Сондықтан, «Алтын Алтай» дегенде қараңызшы, алтын адамдар шығып жатыр. Маған бұл ойға түрткі болғаны, алтын адамдардың шыққаны. Берелден шықты, айнала алтын, көрдіңіз бе? Яғни бұрыннан айтып келе жатқан сөз рас екен, «алтынды өңір», «Алтын Алтай».
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.