Ян Лира «Silk Way Star» бйқауының жүргізушісімен дуэт құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ян Лира «Silk Way Star» бйқауының жүргізушісімен дуэт құрды

26.11.2017

«Silk Way Star» жобасының жетінші жарыс күні ерекше аяқталды. Себебі, Башқұртстаннан келген Ян Лираның бағы бес елі деуге болады. Неге десеңіз,  жоба жүргізушілерінің бірі Кәмшат Жолдыбаевамен бірге ән шырқады.

«Әдемі әнші қыздармен бірге сахнаға шықсам, біраз қобалжитыным бар. Сондықтан, кейде өнер көрсетуім көңілімнен шықпай қалады. Неге олай екенін өзім де түсінбеймін, бірақ барлығы жақсы болады деп үміттенемін», - дейді Ян.

Айта кетейік, аталған дуэт үнді стилінде жазылған көңілді «Пия- Пия» әнін орындады.

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):

 

- Пікірім – жақсы. Сахнада соғыс болып жатқан жоқ, атыс емес, шықпай-ақ қоюға болар еді! Бірақ, ол «мен жігітпін» деді. Ол сахнаға шықты. Бұл тек нағыз әртістің қолынан келеді. Кәмшаттың қалай тырысқанын көрдім, көз қиығымен оны бақылап жүргенін көрдім. Бірдеңе болып қалмасын деп алаңдап жүрді. Бұл бүгінгі ең керемет дуэт. Қаһармандық жағынан, кәсібилік жағынан, адамгершілік жағынан. Жаныңдағы адам сенің көмегіңе зәру болып тұрғанда достық қолыңды ұсыну - нағыз әртістік достық. Жарайсыңдар!

Хабарламаларға жазылу