«Silk way star»-дың романтик серісі атанған үміткер бүгінгі әнін әкелерге арнады. Сафармухаммад Тәжікстандағы әкесіне деген сағынышын Марат Омаровтың әнінен тауыпты.
«Бүгін Марат Омаровтың «Әке арманы» әнін орындаймын. Жоғарғы дәрежеде өнер көрсетіп, қазақ елінің маған деген махаббаты арта түседі деп сенемін», - дейді әнші.
Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):
- Біріншіден Сафармухаммадтың жанының тазалығы мені баурап алды. Қазір эстрада шоуында ер адам бейнесі жоғалып кетті. Бұл барлық ұлттардың трагедиясы. Сафармухаммад қазір сахнада жұлқынбай, ән салмай, ештеңе істемей тұр. Азаматтың тұрғаны көрініп тұр. Бұл нағыз қорған, нағыз асыраушы, нағыз өнер тудырушы азамат. Ол оның даусынан да байқалады. Оның жан-дүниесі бар. Өзінің үш минуттық әңгімесін нағыз еркекше айтып берді. Биігінен шырқады.