Гонконг маңына әскер жіберілгені рас па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг маңына әскер жіберілгені рас па?

14.08.2019

Қытай он аптадан бері шерулетіп жатқан Гонконг шекарасы маңына әскерилерді шоғырландырып жатыр. Әлем ақпарат құралдары осы туралы фотоларды жариялауда. Олар спутниктен түсірілген. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай жауынгерлерінің Гонконгке қарай жылжығанын Twitter арқылы мәлімдеп, Бейжіңді сабырға шақырды.

Соңғы мәліметке қарағанда, екі күн бойы жұмыс істемеген Гонконг әуежайы қызметін қайта жалғастырып, жүздеген ұшақты сапарға аттандыруға әзірленіп жатыр. Қарсылық акцияларына байланысты бұл авиациялық терминалдан мыңдаған жолаушы дер кезінде ұша алмады. Ал, кеше кешкісін мұнда демократия және кеңірек автономия жақтастары мен полицейлер қақтығысты. Одан екі адам жараланған.

Бұған дейін Қытай үкіметі Гонконгтегі тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін қатаң шара қажеттігін ескерткен еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу