А.Атамбаевқа адам өлтірді, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды

13.08.2019

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа адам өлтірді, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды.

Ол өткен аптада Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылында жүргізілген арнайы операция кезінде тұтқындалды. Сол рейд барысында қауіпсіздік күштерінің бір офицері мерт болғаны белгілі. Тағы алтауы кепілге алынды.

Атамбаев республиканы 2011-2017 жылдары басқарды.  Содан кейін ол коррупция үшін айыпталып, заңмен қудалаудан қорғайтын иммунитетінен айрылды. Алайда, экс-президент өзіне тағылған кінәлардың бәрін жоққа шығарып, олардың саяси астары бар мәлімдеп келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу