Қорықшы Е.Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот процесінде жаңа дерек жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы Е.Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот процесінде жаңа дерек жарияланды

31.10.2019

Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот ісі жалғасуда. Кісі өлтірді деп айыпталған үш күдікті өздеріне тағылған кінәні мойындамады. Олардың қорғаушылары «Ерлан Нұрғалиев соққыға жығылғаннан кейін ауруханада көз жұмды, кісі өлтіру әрекеті болмаған»,-дегенді алға тартты. Ал жәбірленуші тарап болса, оқиға орнында адам өлтіру әрекеті болғанын айтып және оған дәлелдер келтіріп отыр. Сондай-ақ дәрігерлердің медициналық сараптамасын ескеруді ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында қорықшы Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан мерт болды. Осы оқиғаға қатысты барлығы 7 адам сот алдында жауап беруде. Олардың үшеуіне «жасаған қылмыстарын жасыру үшін Нұрғалиевті өлтірді және тағы бір қорықшы Петр Ницыкты өлтірмек болды»,- деген айып қоса тағылды.

Алмат Қасқырбай, жәбірленуші тараптың қорғаушысы:

Ұялы телефонмен хабар берсе, біз ойлаймыз Нұрғалиев Ерлан марқұм тірі қалушы еді. Ол кісіге көмек болушы еді. Сосын бір затты қараңыздаршы, жаңағы анау «ДЖПС датчик» пен көлікті от алдыратын кілтті алып кеткен. Сонда бұларды әрі қарай мүмкіншіліксіз қалдырып отыр ғой. Нақты қасақана адам өлтіруге ниеттері болды деп біз ойлаймыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу