Сібірдегі орман өрті шарпыған аумақ 3 миллион гектарға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сібірдегі орман өрті шарпыған аумақ 3 миллион гектарға жетті

05.08.2019

Сібір мен Қиыр Шығыстағы орман өртінен жанып кеткен алқап 3 миллион гектардан асты. Бұл – Бельгияның аумағынан да көп. Оны сөндіру үшін 10 мың адам, 3 мың техника, 70 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Әскери авиация бір тәулік ішінде әуеден 900 тонна су шашып, тілсіз жаумен тынымсыз күресіп жатыр.

Ресей Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, табиғи апаттың негізгі себебі – отты абайсыз тұтату. Өйткені тексеру нәтижесінде өрт ошақтарының көбі жолдардың маңайынан анықталған. 

Өрттің қою түтіні көршілес мемлекеттерді қойып, Аляска мен Канаданың батыс жағалауына да жеткен. Адамдар «тыныс тарылып, дем алу мүмкін емес» деп шағымдануда. Сондықтан мамандар бұл жағдайды «экологиялық апат» деп отыр. Ал сарапшылардың айтуынша, Тайганы қалпына келтіруге ғасырдан астам уақыт керек.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу